Қараоба ауылдық округінің аумағында қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Қараоба ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 1 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 18 маусымда № 6422 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Қараоба ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қараоба ауылдық округінің аумағында жер учаскесін жер пайдаланушылардан алып қоймай қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қараоба ауылдық округінің әкімі Ш. Байдильдина

  Қараоба ауылдық
округі әкімінің
2019 жылғы "17" маусымдағы
№ 1 шешіміне
қосымша

Пайдаланушы

Алаңы, га

Ұзындығы, м

Нысаналы мақсаты

Пайдалану мерзімі (жыл)

Жер телімінің орналасқан жері

"Қазақтелеком" акционерлік қоғамы филиалы - телекоммуникация және инфрақұрылым объектілерінің құрылысы жөніндегі Дирекциясы

2,38

5950

Талшықты-оптикалық байланыс желілерін тарту және пайдалану үшін

2

Қараоба ауылдық округінің аумағында


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады