Жолболды ауылдық округінің аумағында қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Жолболды ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 1 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 4 шілдеде № 6467 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Жолболды ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жолболды ауылдық округінің аумағында жер учаскесін жер пайдаланушылардан алып қоймай қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жолболды ауылдық округі
      әкімінің міндетін атқарушы Қ. Зейниқабиденов

  Жолболды ауылдық округі
әкімінің міндетін атқарушының
2019 жылғы "24"
маусымдағы № 1 шешіміне
қосымша

Пайдаланушы

Алаңы, га

Ұзындығы, м

Нысаналы мақсаты

Пайдалану мерзімі (жыл)

Жер телімінің орналасқан жері

"Қазақтелеком" Акционерлік қоғамының филиалы - Телекомуникациялар және инфрақұрылым объектілерінің құрылыс дирекциясы

0,99

2475

Талшықты-оптикалық байланыс желілерін тарту және пайдалану үшін

2

Жолболды ауылдық округінің аумағында


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады