Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Жалаулы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жалаулы ауылдық округінің аумағында жер учаскесін жер пайдаланушылардан алып қоймай қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жалаулы ауылдық | |
округінің әкімі | А. Медетов |
Жалаулы ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы "24" маусымдағы № 1 шешіміне қосымша |
Пайдаланушы | Алаңы, га | Ұзындығы, м | Нысаналы мақсаты | Пайдалану мерзімі (жыл) | Жер телімінің орналасқан жері |
"Қазақтелеком" Акционерлік қоғамының | 1,4 | 3500 | Талшықты-оптикалық байланыс желілерін тарту және пайдалану үшін | 2 | Жалаулы ауылдық округінің аумағында |