Жер теліміне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Баянауыл аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 14 қазандағы № 336/10 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 24 қазанда № 6582 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Баянауыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес іздестіру алаңында пайдалы қазбалар қорын анықтау бойынша іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Баянауыл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары М. К. Ахметовке жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі О. Каиргельдинов

  Баянауыл ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "14" қазандағы
№ 336/10 қаулысына
қосымша

Р/с №

Пайдаланушы

Алаңы, гектар

Нысаналы мақсаты

Пайдалану мерзімі (жыл)

Жер телімінің орналасқан жері

1

"Тех Транспорт" жауапкершілігі шектеулі серіктеcтігі

69

Жосалы учаскесінде пайдалы қазбалардың қорын анықтау бойынша іздестіру жұмыстары

2

Қызылтау ауылдық округі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады