Баянауыл ауданы әкімінің 2018 жылғы 12 қарашадағы "Баянауыл ауданы Майқайын кенті аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" № 16 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Баянауыл ауданы әкімінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 28 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 21 қарашада № 6615 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Баянауыл ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Баянауыл ауданы әкімінің 2018 жылғы 12 қарашадағы "Баянауыл ауданы Майқайын кенті аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" № 16 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6108 болып тіркелген, 2018 жылы 22 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы К. К. Абылгазинге жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі О. Каиргельдинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады