Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 7) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" № 412 бұйрығына сәйкес Тереңкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2019 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды Тереңкөл ауданының ұйымдарында жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан осы қаулының қосымшасына сәйкес жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Тереңкөл ауданы әкімінің орынбасары Р. Қ. Ыбыраеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Е. Әйткенов |
Тереңкөл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "6" мамырдағы № 141/2 қаулысына қосымша |
2019 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған
адамдарды Тереңкөл ауданының ұйымдарында жұмысқа
орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
Р/с № | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Квота мөлшері (қызметкерлердің тізімдік саны %) | Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға арналған жұмыс орындарының саны (бірлік) |
1 | "Максим-Горький орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мекеме" мемлекеттік мекемесі | 78 | 1 | 1 |
2 | Качир ауданы әкімдігінің "Бастау" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 63 | 1 | 1 |
3 | Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Тереңкөл аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 260 | 1 | 3 |
4 | "Ивановское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 58 | 1 | 1 |
5 | "Песчан жөндеу-механикалық зауыты" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 102 | 1 | 1 |
6 | "Агро-Даму" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 50 | 1 | 1 |