2020 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды Тереңкөл ауданының ұйымдарында жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Павлодар облысы Тереңкөл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 10 қазандағы № 276/6 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 17 қазанда № 6578 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 7) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" № 412 бұйрығына сәйкес Тереңкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2020 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды Тереңкөл ауданының ұйымдарында жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан осы қаулының қосымшасына сәйкес жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Тереңкөл ауданы әкімінің орынбасары Р. Қ. Ыбыраеваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Айткенов

  Тереңкөл ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "10" қазандағы
№ 276/6 қаулысына
қосымша

2020 жылға арналған пробация қызметінің есебінде
тұрған адамдарды Тереңкөл ауданының ұйымдарында
жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Р/с №

Ұйымдардың атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квота мөлшері (қызметкерлердің тізімдік саны %)

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға арналған жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

"Максим-Горький орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мекеме" мемлекеттік мекемесі

78

1

1

2

"Агро-Даму" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

50

1

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады