Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округінің аумағында қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 26 қыркүйектегі № 54 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 3 қазанда № 6555 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Тереңкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округінің аумағында жер пайдаланушылардан жер учаскелері алынбай қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкімі А. Мангутов

  Тереңкөл ауданы
Тереңкөл ауылдық
округі әкімінің
2019 жылғы "26" қыркүйектегі
№ 54 шешіміне
қосымша

Р/с

Пайдаланушы

Ауданы, гектар

Ұзындығы, метр

Нысаналы мақсаты

Пайдалану мерзімі (жыл)

Жер телімінің орналасқан жері

1

"ҚазТрансОйл" акционерлік қоғам

0,1199

599,6

0,4 киловатты
№ 31 катодты қорғау станциясы – кабельдік желісіне қызмет көрсету үшін

10

Тереңкөл ауылдық округінің аумағында


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады