Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес Береговое ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Тереңкөл ауданы Береговое ауылдық округінің аумағында жер пайдаланушылардан жер учаскелері алынбай қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Береговое ауылдық округінің әкімі | Р. Куланбаев |
Тереңкөл ауданы Береговое ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы "24" қазандағы № 17 шешіміне қосымша |
Р/с № | Пайдаланушы | Ауданы, гектар | Нысаналы мақсаты | Пайдалану мерзімі (жыл) | Жер телімінің орналасқан жері |
1 | "ҚазТрансОйл" акционерлік қоғам | 0,0957 | 0,4 киловатты № 30 катодты қорғау станциясы – кабельдік желісіне қызмет көрсету үшін | 10 | Береговое ауылдық округінің аумағында |