Тереңкөл ауданы Песчан ауылдық округінің аумағында қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Тереңкөл ауданы Песчан ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 5 қарашадағы № 13 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 20 қарашада № 6613 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес Песчан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Тереңкөл ауданы Песчан ауылдық округінің аумағында жер пайдаланушылардан жер учаскелері алынбай қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкімі А. Дюсембаева

  Тереңкөл ауданы Песчан
ауылдық округі әкімінің
2019 жылғы "5" қарашадағы
№ 13 шешіміне
қосымша

Р/с №

Пайдаланушы

Ауданы, гектар

Нысаналы мақсаты

Пайдалану мерзімі (жыл)

Жер телімінің орналасқан жері

1

"Қазақтелеком" акционерлік қоғам

0,1039

Кабельдік кәрізді орналастыру және қызмет көрсету үшін

10

Песчан ауылдық округінің аумағында


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады