Тереңкөл ауданы Калиновка ауылдық округінің Калиновка ауылындағы кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Тереңкөл ауданы Калиновка ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 15 қаңтардағы № 1 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 17 қаңтарда № 6238 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Калиновка ауылдық округі Калиновка ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2017 жылғы 15 тамыздағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Калиновка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тереңкөл ауданы Калиновка ауылдық округі Калиновка ауылының келесі көшелері:

      "Победа" көшесі "Жеңіс" көшесі болып;

      "Советов" көшесі "Бостандық" көшесі болып;

      "Молодежный" көшесі "Асар" көшесі болып;

      "Березовая" көшесі "Аққайыңды" көшесі болып;

      "Лесная" көшесі "Шалғынды" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Калиновка ауылдық округінің әкімі Қ. Қаббасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады