Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес Федоровка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Тереңкөл ауданы Федоровка ауылдық округінің аумағында жер пайдаланушылардан жер учаскелері алынбай қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Федоровка ауылдық | |
округінің әкімі | Е. Құставлетов |
Тереңкөл ауданы Федоровка ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы "2" тамыздағы № 3 шешіміне қосымша |
Р/с № | Пайдаланушы | Ауданы, гектар | Ұзындығы, метр | Нысалы мақсаты | Пайдалану мерзімі (жыл) | Жер телімінің орналысқан жері |
1 | "Қазақтелеком" Акционерлік қоғамының филиалы - Телекоммуникациялар және инфрақұрылым объектілерінің құрылыс дирекциясы | 2,66 | 6650 | Талшықты-оптикалық байланыс желілерін орнату және пайдалану үшін | 2 | Федоровка ауылдық округінің аумағында |