Тереңкөл ауданы Воскресенка ауылдық округі Воскресенка ауылының көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Тереңкөл ауданы Воскресенка ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 19 наурыздағы № 1-03/02 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 1 сәуірде № 6281 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Воскресенка ауылдык округі Воскресенка ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2018 жылғы 23 мамырдағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Воскресенка ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тереңкөл ауданы Воскресенка ауылдық округі Воскресенка ауылының "70 лет Октября" көшесі "Асар" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Воскресенка ауылдық округінің әкімі О. Жаркина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады