Лебяжі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 7 қарашадағы "Лебяжі ауданы бойынша мүгедектер үшін арналған жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" № 262/11 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Аққулы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 4 ақпандағы № 1-03/22 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 7 ақпанда № 6247 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Аққулы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Лебяжі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 7 қарашадағы "Лебяжі ауданы бойынша мүгедектер үшін арналған жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" № 262/11 қаулысының (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5267 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Ж. Қасымоваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Балғабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады