Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабы 7-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 7), 8) тармақшаларына, 27-бабы 1-тармағының 2), 3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" № 412 бұйрығына сәйкес, Май ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Май ауданының ұйымдарында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Май ауданының әкімі | М. Актаев |
Май ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "13" қарашадағы № 294/11 қаулысына 1-қосымша |
2020 жылға арналған Май ауданының ұйымдарында
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды
жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
Р/с № | Ұйымның атауы | Жыл басындағы жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан %) | Жұмыс орындарының саны (бірлік) |
1 | Май ауданы әкімдігі Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Май-сервис" Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 73 | 2 | 1 |
Май ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "13" қарашадағы № 294/11 қаулысына 2-қосымша |
2020 жылға арналған Май ауданының ұйымдарында пробация қызметінің есебінде
тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
Р/с № | Ұйымның атауы | Жыл басындағы жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан %) | Жұмыс орындарының саны (бірлік) |
1 | Май ауданы әкімдігі Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Май-сервис" мемлекеттік коммуналдықкәсіпорны | 73 | 2 | 1 |
2 | Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Май аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 206 | 1 | 2 |