2019 жылға арналған Павлодар ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 6 мамырдағы № 130/5 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 6 мамырда № 6351 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабы 7-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 7) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" № 412 бұйрығына сәйкес, Павлодар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, Павлодар ауданының ұйымдарында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ж. Шұғаев

  Павлодар ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "6" мамырдағы
№ 130/5 қаулысына
қосымша

2019 жылға арналған Павлодар ауданында пробация
қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа
орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

р/с №

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны, (адам)

Квотаның көлемі (жұмыскелердің тізімдік санынан), %

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға арналған жұмыс орындарының саны, (адам)

1

2

3

4

5

1

"Луганск" өндірістік кооперативі

266

1

3

2

Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің облыстық психоневрологиялық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

335

1

3

3

"Ертіс" шаруа қожалығы

110

1

1

4

"Кирова" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

199

1

2

5

"Зерноград" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

125

1

1

6

"Агро-Альянс" агроөнеркәсіптік компаниясы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

73

1

1

7

"Маяк" шаруа қожалығы

124

1

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады