Успен ауданы бойынша 2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Жаңартылған

Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі № 127/4 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 4 мамырда № 6336 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Успен ауданы бойынша 2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау әлеуметтік мәселелерге жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы каулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап кунтізбелік он кун өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Қасенов

  Успен ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "25" сәуірдегі
№ 127/4 қаулысына
қосымша

Успен ауданы бойыгша 2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға
мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшері

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 23.07.2019 № 223/7 (25.05.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/с №

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атаулары

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Бір тәрбиеленушіге айына орташа шығын бағасы (теңге)

Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-ананың айына ақы төлеу мөлшері (теңге)

1

2

3

4

5

1.

Успен ауданы әкімдігі Равнополь ауылдық округі әкімі аппаратының "Айгөлек" сәбилер бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

25
(жергілікті бюджет)

49443,33

3 жасқа дейін - 6500
3 жастан 6 жасқа дейін - 7500

2.

Успен ауданы әкімдігі, Новопокров ауылдық округы әкімінің аппаратының "Ақбота" балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны

47
(жергілікті бюджет)

40308

3 жасқа дейін - 6500
3 жастан 6 жасқа дейін - 7500

3.

Успен ауданының әкімдігі Успен ауылдық округінің әкімі аппаратының "Балапан" балабақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

133
(жергілікті бюджет)

41027,57

3 жастан 6 жасқа дейін - 7500

4.

Успен ауданының "№ 2 Успен жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі (шағын орталық)

60
(жергілікті бюджет)

17200,77

3 жасқа дейін - 5500
3 жастан 6 жасқа дейін - 6500

5.

Успен ауданының "Қаратай жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (шағын орталық)

19
(жергілікті бюджет)

33016,35

3 жасқа дейін - 5500
3 жастан 6 жасқа дейін - 6500

6.

Успен ауданының "Белоусов жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі (шағын орталық)

12
(жергілікті бюджет)

72291,66

3 жасқа дейін - 5500
3 жастан 6 жасқа дейін - 6500

7.

Успен ауданының "Богатырь негізгі жалпы білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (шағын орталық)

13
(жергілікті бюджет)

37576,92

3 жасқа дейін - 5500
3 жастан 6 жасқа дейін - 6500

8.

Успен ауданының "Лозовой жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі (шағын орталық)

35
(жергілікті бюджет)

17574,04

3 жасқа дейін - 5500
3 жастан 6 жасқа дейін - 6500

9.

Успен ауданының "Ольгин жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі (шағын орталық)

16
(жергілікті бюджет)

26542,79

3 жасқа дейін - 5500
3 жастан 6 жасқа дейін - 6500

10.

Успен ауданының "Равнополь негізгі жалпы білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі (шағын орталық)

12
(жергілікті бюджет)

44701,39

3 жасқа дейін - 5500
3 жастан 6 жасқа дейін - 6500

11.

Успен ауданының "Вознесен жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі (шағын орталық)

10
(жергілікті бюджет)

36248,6

3 жасқа дейін - 5500
3 жастан 6 жасқа дейін - 6500

12.

Успен ауданының "Дмитриев бастауыш жалпы білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (шағын орталық)

8
(жергілікті бюджет)

49593,75

3 жасқа дейін - 5500
3 жастан 6 жасқа дейін - 6500

13.

Успен ауданының "Павлов жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі (шағын орталық)

34
(жергілікті бюджет)

34605,39

3 жасқа дейін - 5500
3 жастан 6 жасқа дейін - 6500

14.

Успен ауданының "Новопокров негізгі жалпы білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (шағын орталық)

17
(жергілікті бюджет)

28323,58

3 жасқа дейін - 5500
3 жастан 6 жасқа дейін - 6500

15.

Успен ауданының "Тимирязев негізгі жалпы білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі (шағын орталық)

18
(жергілікті бюджет)

34850,59

3 жасқа дейін - 5500
3 жастан 6 жасқа дейін - 6500

16.

Успен ауданының "Таволжан жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі (шағын орталық)

15
(жергілікті бюджет)

29834,48

3 жасқа дейін - 5500
3 жастан 6 жасқа дейін - 6500

17.

Успен ауданының "Ковалев негізгі жалпы білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (шағын орталық)

13
(жергілікті бюджет)

31748,25

3 жасқа дейін - 5500
3 жастан 6 жасқа дейін - 6500

18.

Успен ауданының "Қозыкеткен жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі (шағын орталық)

30
(жергілікті бюджет)

25025

3 жасқа дейін - 5500
3 жастан 6 жасқа дейін - 6500

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады