Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 05 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" № 412 бұйрығына сәйкес, Шарбақты ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Шарбақты ауданының ұйымдарына пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. А. Неғмановаға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ә. Әбеуов |
Шарбақты ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "16" сәуірдегі № 126/3 қаулысына қосымша |
Шарбақты ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа
орналастыру үшін 2019 жылға арналған жұмыс орындарының квотасы
Р/с № | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан %) | Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға арналған жұмыс орындарының саны |
1 | "Шығыс Жолдары" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 64 | 1% | 1 |
"Шарбақты-Құс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 205 | 1% | 2 |