Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 23-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 2-тармағына, Павлодар облыстық мәслихатының 2019 жылғы 14 қаңтардағы № 303/27 бірлескен шешімі мен Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 14 қаңтардағы "Павлодар облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" № 2 қаулысына, Шарбақты ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 4 наурыздағы "Ауылдық округтерді қайта құру туралы" № 46/2 қаулысына сәйкес, Шарбақты ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шарбақты ауданы әкімінің 2015 жылғы 13 наурыздағы "Шарбақты ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4395 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 сәуірде аудандық "Маралды" және "Трибуна" газеттерінде жарияланған) № 2 шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
№ 441 сайлау учаскесінде екінші абзацтағы "Красиловка" сөзі "Сосновка" сөзіне ауыстырылсын;
№ 454 сайлау учаскесінде екінші абзацтағы "Хмельницкий" сөзі "Жылы-Бұлақ" сөзіне ауыстырылсын;
№ 459 сайлау учаскесінде екінші абзацтағы "Алексеевка" сөзі "Александровка" сөзіне ауыстырылсын;
№ 463 сайлау учаскесінде екінші абзацтағы "Чигиринов" сөзі "Галкин" сөзіне ауыстырылсын;
№ 464 сайлау учаскесінде екінші абзацтағы "Чигиринов" сөзі "Шалдай" сөзіне ауыстырылсын;
№ 465 сайлау учаскесінде бірінші абзацтағы "Садық-Ащы негізгі мектебінің ғимараты" сөздерінің алдында "бұрынғы" сөзі қосылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ә. Әбеуов |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Шарбақты аудандық аумақтық | |
сайлау комиссиясының төрайымы | Ю. Масальская |
2019 жылғы "6" маусым |