Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бекітілсін:
1) осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес, "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
2) осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес, беру актісі.
2. "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Мекеме) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) мекемені Алматы қаласы әділет органдарында тіркеуді;
2) осы қаулыны Алматы қаласының әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес, Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулылары жойылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімі аппараты басшысы М. Сембековке жүктелсін.
Алматы қаласының әкімі | Б. Байбек |
Алматы қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 4 ақпандағы № 1/89 қаулысына 1-қосымша |
"Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже"
1. Жалпы ережелер
1. "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Әкім аппараты) Алматы қаласы әкімдігінің және әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық, хаттамалық, құжаттамалық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
2. Әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Әкім аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
4. Әкім аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
5. Әкімнің аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқылы.
6. Әкім аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 050001, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Республика алаңы, 4.
9. Толық атауы:
мемлекеттік тілде: "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима города Алматы".
10. Осы Ереже "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Әкім аппаратының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
12. "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен Әкім аппаратының өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Әкім аппаратына заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсатты, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы - ашық, тиімді, азаматтарға бағдарланған мемлекеттік аппараты қалыптастыру.
14. "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің есептілігін және кәсіби біліктілігін, ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру
15. "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
1) "кері байланысты" қамтамасыз ету және қоғамға қала әкімінің және әкімдіктің жұмысы туралы хабарлау;
2) меритократия, ашықтық, нәтижелілік қағидаттарында бірыңғай кадр саясатын бақылау және іске асыру;
3) Президент, Үкімет, қала әкімі тапсырмаларының орындалу сапасы мен мерзімдерін бақылау;
4) шетелдік қалалармен және ұйымдармен ынтымақтастық орнату арқылы үздік халықаралық тәжірибелерді енгізуге және инвестициялар тартуға жәрдемдесу;
5) мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қоғамды нығайту үшін латын графикасындағы қазақ тілі әліпбиін енгізу, тілдік әралуандықты сақтау;
6) Алматы қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметтерді көрсетуін бақылау, мемлекеттік органдардың функцияларын автоматтандыру және бизнес-процесстерді оңтайландыру;
7) Алматы қаласы әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, құқықтық, ұйымдастырушылық, хаттамалық, құжаттамалық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
8) әлеуметтік-мәдени, экономикалық, экологиялық, құқық қорғау салаларында Алматы қаласының мемлекеттік органдары өткізетін жұмысты үйлестіру.
16. "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған:
1) Алматы қаласын дамытудың өзекті мәселелерін анықтау бойынша әлеуметтік желілердегі жарияланымдарды, бұқаралық ақпарат құралдарын (бұдан әрі - БАҚ) талдау және мониторинг жүргізу;
2) баспасөз конференцияларын, брифингтер, баспасөз турларын, жарияланымдар ұйымдастыру, сондай-ақ қала тұрғындарының өтініштерін уақытылы қарау;
3) қала әкімі мен әкімдігінің қызметін жариялау бойынша БАҚ өкілдерімен, блогерлермен, мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау;
4) кадр резервін қалыптастыру, құзыреттілік, тұлғалық, кәсіби, қызметтердің негізінде мәнсаптық ілгеруді қамтамасыз ету;
5) мемлекеттік қызметшілердің арасындағы моральдық-психологиялық ортаға мониторинг жасау;
6) персонал сапасын тұрақты талдау;
7) мемлекеттік қызметшілердің кәсіби өзін-өзі дамытуы үшін жағдайлар жасау жөніндегі жұмысты үйлестіру;
8) мемлекеттік қызметшілердің корпоративтік рухын қалыптастыру, Алматы қаласы әкімдігінің қызметіне қосатын жеке үлесін сезіну және мотивацияны қамтамасыз ету;
9) жүйелі негізде мемлекеттік қызметшілерді оқыту, біліктілігін арттыру, қайта даярлау, тағылымдамадан өткізу, сондай-ақ тәлімгерлік институтын дамыту бойынша жұмысты үйлестіру;
10) мемлекеттік қызметшілердің қызмет тиімділігін бағалау бойынша жұмысты ұйымдастыру;
11) мемлекеттік қызметшілердің демалысын ұйымдастыру, оның ішінде тренингтік, әлеуметтік бағдарламаларды, мәдени, спорттық және басқа нысандарға бару мүмкіндігін іске асыру бойынша жұмысты үйлестіру;
12) Бірыңғай конкурстық, тәртіптік, аттестаттау комиссияның, сондай-ақ мемлекеттік наградалармен, қала әкімінің грамоталарымен марапаттауға ұсыну жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
13) кадр іс қағаздарын жүргізу;
14) Қазақстан Республикасы заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
15) аппарат мәжілістерінде қарай отырып, Президенттің, Үкіметтің, қала әкімнің тапсырмаларын әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің сапалы және уақытылы орындаудың жүйелі мониторинг жүргізуде қамтамасыз ету;
16) азаматтардың өтініштері бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінен және Үкіметінен келіп түсетін өтініштер бойынша қала әкімі, оның орынбасарлары, аппарат басшысы тапсырмаларының сапасы мен орындалу мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз ету;
17) қала әкімдігінің құрылымдық бөлімшелеріндегі атқарушылық тәртібінің жағдайы туралы қала әкімі мен аппарат басшысына аналитикалық материалдар әзірлеу, бақылау тапсырмаларының орындалу барысын талдау;
18) халықаралық ынтымақтастық саласындағы әкімдіктің құрылымдық бөлімшелері мен Алматы қаласының квазимемлекеттік құрылымдарының қызметін үйлестіру;
19) беделді халықаралық рейтингтерде Алматы қаласын дамыту көрсеткіштерін алға ілгерілеуге ықпал ету;
20) әлемдік экономика трендтері мен қалалық дамыдың үздік тәжірибелерін ескере отырып, ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;
21) шетелдік инвестицияларды тарту, технологиялар трансферті, Алматы қаласының экспорттық, туристік және транзиттік-көлік әлеуетін ілгерілету бойынша ұсыныстарды әзірлеу және іс-шараларды ұйымдастыру;
22) келісімшарттар, әріптестерді іздестіру және ұзақ мерзімді іскерлік байланыстар орнату, Алматы қаласының тауарлары мен қызметтерін шетелге ілгерілетуге көмек көрсету бойынша келіссөздер жүргізуге қатысу;
23) көрнекі ақпарат пен деректемелер мониторингі, жарнама эскиздерінің мәтіндерін тексеру және қателерін түзету. Орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде Қазақстан Республикасында тіл туралы заңнаманың бұзылуын анықтау;
24) тілдерді оқыту, қашықтан оқыту әдістемесін жетілдіру жұмысын ұйымдастыру;
25) БАҚ, әлеуметтік желілердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып тілдік ортаны қалыптастыру;
26) қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру кестесіне сәйкес жұмысты ұйымдастыру;
27) латын графикасын оқыту жұмыстарын ұйымдастыру;
28) сөздіктер, емле ережелерін, тілашарлар шығару, инновациялық технологияларды пайдалана отырып онлайн-қосымшалар, электрондық оқу курстарын әзірлеу бойынша жұмыстар ұйымдастыру;
29) латын графикасына көшу жұмысына азаматтық секторды, сарапшылар қауымдастығын, бизнесті тарту;
30) филолог-лингвистерді тарта отырып семинарлар, дәрістер, курстар ұйымдастыру;
31) этникалық топтарға ана тілін сақтауға көмек көрсету;
32) қалалық ономастика комиссиясының қызметін қамтамасыз еті;
33) ономастика саласындағы шешімдерді қоғамдастық пікірін ескере отырып қабылдау;
34) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін бұзушылықтарды анықтау жөніндегі іс-шаралар жүргізу ;
35) мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу;
36) мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында тұрғындардың хабардарлық деңгейін арттыру жұмысын үйлестіру;
37) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін дамыту және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру;
38) мемлекеттік органдардың "электрондық үкіметтің" веб-порталында ақпаратты орналастыру бойынша қызметін үйлестіру;
39) қала әкімі үшін ақпараттық, селекторлық мәжілістерге ақпараттық-талдау материалдарын дайындау;
40) Президент Әкімшілігімен, Үкіметпен, Парламентпен, Алматы қаласының мәслихатымен, мемлекеттік органдармен, БАҚ, қоғамдық ұйымдармен және азаматтармен өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз ету;
41) қала әкімінің іс-шараларын, оның ішінде көшпелі іс-шараларын жоспарлау, ұйымдастыру;
42) Қазақстан Республикасының заңнамасы аясында сайлауды ұйымдастыру;
43) құжат жасау, құжаттаманы басқару жүйесін жетілдіру бойынша жұмысты ұйымдастыру;
44) қала әкімінің атына келіп түсетін азаматтардың өтініштері мен хат-хабарларындағы қаланың өзекті мәселелері бойынша талдау материалдарын дайындау;
45) қала әкімінің жыл сайынғы халыққа есеп беру кездесуін ұйымдастыру;
46) аудан әкімдерінің халыққа есеп беру кездесулерін өткізуін үйлестіру;
47) қала әкімдігінің отырыстарында, қала әкімі және аппарат басшысы өткізетін мәжілістерге, оның ішінде көшпелі кеңестерді хаттамалауды қамтамасыз ету және хаттамалық тапсырмалардың орындалуын бақылау;
48) соттарда қала әкімдігі мен әкімінің мүдделерін білдіру және қорғау, прокурорлық ден қою актілерін қарау;
49) қала әкімдігі қаулыларының, қала әкімінің шешімдері мен өкімдері жобаларының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне сараптама жүргізу;
50) нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу, сондай-ақ норма шығармашылық қызметті үйлестіру;
51) нормативтік құқықтық актілерді әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге жіберу, қала әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
52) алқабилеріне кандидаттардың тізімдерін әзірлеу жұмысын ұйымдастыру;
53) жұмыс сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында Алматы қаласының әкімдігі құрылымдық бөлімшелерінде, олардың қарамағындағы ұйымдарда тиімділік аудитін, сәйкестік аудитін жүргізу;
54) Алматы қаласы әкімінің аппаратына бөлінген бюджеттік қаражатты мақсатты және тиімді игеру;
55) қала әкімі мен әкім аппаратын материалдық-техникалық жарақтандыруды қамтамасыз ету;
56) Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және қоғамдық құрылымдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
57) Алматы қаласында этносаралық қатынастардың жай-күйіне мониторинг және талдау;
58) Қазақстан халқы Ассамблеясының әлеуметтік маңызы бар жобалары мен іс-шараларын жүзеге асыру;
59) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру бойынша іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
60) Алматы қаласының аумақтық қорғанысын қамтамасыз ету;
61) азаматтық қорғаныс саласындағы іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
62) Алматы қаласындағы гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру, қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жоғарылату кезінде гендерлік теңгерім нормаларын сақтау;
63) қолайлы орта жасау және қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі қалалық саясатты үйлестіру;
64) стратегиялар, бағдарламалар әзірлеуді әдістемелік қамтамасыз ету, халықтың әл-ауқаты, оның ішінде қаржылық әл-ауқаты, білімі және экологияның жай-күйі көрсеткіштеріне қол жеткізуге мониторинг;
65) кедергісіз ортаны қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіру;
66) Алматы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясының, Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Терроризмге қарсы комиссияның, Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазалау шараларын жүзеге асыратын органдар мен мекемелердің қызметін және қылмыстық-құқықтық шараларды жүзеге асыруға жәрдемдес жөніндегі консультативтік-кеңесші органының, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және басқа да көмек көрсетуді ұйымдастыру, Алматы қалалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының, мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабтың қызметін қамтамасыз ету;
67) атқарушы органдар мен аудан әкімі аппараттарының террористік қатынаста әлсіз нысандарды өзектендіру және мониторинг жүргізу жөніндегі қызметін үйлестіру;
68) жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің құрылтайшысы болады;
65) кедергісіз ортаны қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіру;
69) мемлекеттің қатысуымен жауапкершілі шектеулі серіктестіктерді басқару тиімділігіне және жұмыс істеуіне мониторинг ұйымдастыру және жүргізу;
70) "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қала әкімі жүктеген өзгеде функциялар.
17. Негізгі міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру мақсатында "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде:
1) "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарауына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және өзге ұйымдармен, оның ішінде арнайы байланысты және мәліметтерді беру жүйесін пайдалана отырып қызметтік, оның ішінде құпия хат алмасуды жүргізу;
2) мемлекеттік органдар әзірлеген қала әкімдігінің және әкім актілерінің жобалары бойынша сараптама және қорытындылар әзірлеуді жүзеге асыру;
3) қала әкімінің және оның орынбасарларының тапсырмалары бойынша қала әкімдігі қаулыларының, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын әзірлеу;
4) заңнамада белгіленген жағдайларда қала әкімдігі қаулыларының, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын оны әзірлеушілерге қайтару;
5) мүдделі мемлекеттік органдармен нормативтік құқықтық және өзге актілердің жобаларының келісімін алуды бақылау және ол болмаған жағдайда тиісті жобаларды қала әкімдігінің Регламентіне сәйкес қайтару;
6) қала әкімдігінің шешімін талап етпейтін мәселелер бойынша хат-хабарларды тиісті мемлекеттік органдарға жіберу және қайтару;
7) қала әкімінің тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдардың қала әкімдігі мен қала әкімі актілерінің жобалары бойынша, сондай-ақ қабылданған нормативтік құқықтық актілерді орындау мәселелері бойынша келіспеушіліктерін қарау жөнінде кеңес шақыру;
8) кеңес өткізу жағдайында, нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ескертулерді жою мақсатында оған бірінші басшылардың орынбасарларынан төмен емес лауазымдағы мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын шақыру;
9) қала әкімінің, оның орынбасарларының және "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының актілері мен тапсырмаларының орындалуын тексеруді ұйымдастыру, оған қатысу және оның орындалуына бақылау жүргізу;
10) мемлекеттік органдарда іс қағаздарын жүргізу талаптарын орындау, оның ішінде құпия режимін қамтамасыз ету және құпия іс қағаздарын жүргізу, сондай-ақ қорғау құралдарын пайдалану және қорғалған басылым-бланкілік өнімдерін пайдалану жағдайына кешенді, тақырыптық және бақылау тексерістерін жүргізу;
11) қала әкімі мен оның орынбасарларының тапсырмаларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін мемлекеттік орган басшыларының жауапкершілігі туралы ұсыныстар енгізу;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыру құқылы.
18. "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері қала әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың, сондай-ақ қала әкімінің актілеріне сәйкес құрылған комиссиялар мен жұмыс топтарының жұмысына қатыса алады.
19. "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік органдарға қажетті материалдарды, мәліметтерді, сондай-ақ қала әкімдігі мен қала әкімінің актілерінің жобаларын толықтыру жөнінде берген талаптары, егер қала әкімінің, оның орынбасарларының және Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының тапсырмаларында орындалу мерзімі басқаша белгіленбесе, орындалуы тиіс.
3. "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
20. "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы жүзеге асырады, ол "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
21. Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатылады.
22. Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
23. Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы:
1) аппаратқа жүктелген мақсаттарды іске асыруды ұйымдастырады;
2) өз құзыреті шегінде аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) аппараттың құрылымы мен штат кестесін, оның құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
4) аппараттың "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;
5) аппараттың тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
6) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
7) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, аппараттың мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;
8) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, аппараттың мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауаптылығы мәселелерін шешеді;
9) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
10) Алматы қаласының жергілікті атқарушы және өкілетті органдары қабылдаған шешімдердің орындалу барысын бақылайды;
11) Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтік құқықтық актілерімен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
24. Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгілейді.
4. Әкім аппаратының мүлкі
25. "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оралымды басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
"Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
26. "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітіп берілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
27. "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер де Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Әкім аппаратын ұйымдастыру және тарату
28. "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Алматы қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 4 ақпандағы № 1/89 қаулысына 2-қосымша |
Өткізу актісі
Қайта ұйымдастыруға байланысты "Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік коммуналдық мекемесінің барлық мүлік құқығы мен міндеттері "Алматы қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік коммуналдық мекемесіне өтеді.
Активтер - 94 924 575,68
Оның ішінде:
Негізгі құралдар – 4 937 576,68
Материалдық емес активтер - 87 500,00
Қорлар - 0,0
Басқа да қысқы мерзімді активтер - 89 899 500,00
"Алматы қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік коммуналдық мекемесі Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік коммуналдық мекемесінің барлық міндеттемелері бойынша, тараптардың даулы міндеттемелерін қоса алғанда, құқықтық мұрагері болып табылады.
Өткізді: |
Қабылдады: |
Алматы қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 4 ақпандағы № 1/89 қаулысына 3-қосымша |
Алматы қаласы әкімдігінің кейбір жойылған қаулыларының тізбесі
1. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" 2016 жылғы 11 тамыздағы №3/376 қаулысы;
2. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" 2016 жылғы 10 маусымдағы №2/260 қаулысы;
3. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" 2016 жылғы 11 тамыздағы №3/376 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 7 желтоқсандағы №4/573 қаулысы.