Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласының жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы" 2010 жылғы 10 қарашадағы № 4/840 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 19 наурыздағы № 1/173 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2019 жылғы 27 наурызда № 1530 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 17 наурыздағы № 1/191 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 17.03.2021 № 1/191 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Заңының 18 және 27 баптарына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласының жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы" 2010 жылғы 10 қарашадағы № 4/840 қаулысына (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 864 болып тіркелген, 2010 жылғы 25 желтоқсанда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:

      аталған қаулымен бекітілген Алматы қаласының жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі:

      келесі мазмұндағы реттік нөмірлері 119, 120 жолдармен толықтырылсын:

      "

119

"Сайран" автобекеті

сәулет және қала құрылысы

Төле би көшесі, 294

120

Алматы ипподромы

сәулет және қала құрылысы

Омаров көшесі, 10А

      ".

      2. Алматы қаласы Мәдениет басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында және Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары А. Қырықбаевқа жүктелсін.

      4. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласының жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы" 2010 жылғы 10 қарашадағы № 4/840 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" қаулысы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Б. Байбек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады