Алматы қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қою және есептен алу тәртібін айқындау туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 16 мамырдағы № 2/301 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2019 жылғы 17 мамырда № 1558 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 26 тамыздағы № 3/439 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 26.08.2021 № 3/439 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 77 бабының 4 тармағына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қою және есептен алу тәртібі айқындалсын.

      2. "Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында жариялауды және интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М. Сембековке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Б. Байбек

  Алматы қаласы әкімдігінің
2019 жылғы 16 мамырдағы
№ 2/301 қаулысына қосымша

Алматы қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің қауіпті
техникалық құрылғыларының есепке қою және есептен алу тәртібі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Алматы қаласынның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қою және есептен алу тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының (бұдан әрі - Заң) 77 бабының 4 тармағына сәйкес әзірленген.

      2. Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қоюды және есептен алуды "Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) жүзеге асырады.

2. Жүк көтергіш механизмдерді есепке қою және есептен алу

      3. Жүк көтергіш механизмдерді есепке қою және есептен алу Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 359 "Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 25 ақпанда № 10332 болып тіркелген) (бұдан әрі - Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану қағидалары) айқындалады.

      4. Дайындаушының паспорты жоқ жүк көтергіш механизмді есепке қою мамандандырылған сарапаттама ұйымымен жасаған паспорт телнұсқасы негізінде жүзеге асырылады.

      5. Есепке мыналар қойылмайды:

      қолмен басқару механизмдері бар крандардың барлық түрлері, қозғалыс механизмдерін қолмен басқарған кезде көтеру механизмі ретінде пневматикалық немесе гидравликалық цилиндр пайдаланылатын крандар;

      көпір типтес крандар және жылжымалы немесе жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейін қоса алғанда, еденнен кранға ілінген тетігі бар аппараттың немесе стационар пульттің көмегімен басқарылатын айналмалы консольді крандар;

      жүк көтергіштігі 20 тоннаға дейін қоса алғанда, жебесі бар крандар;

      үнемі ұшырылатын немесе айналу механизмімен жарақталмаған жебе үлгісіндегі крандар;

      монтаждалатын құрылыста орнатылатын діңгектерді, ғимараттарды, құбырларды монтаждау үшін жылжымалы крандар;

      оқу мақсаттарында кәсіби техникалық училищелер мен техникалық курстар полигондарында орнатылған көпір типтес және мұнаралы крандар;

      экскаваторларда, уату-жүктеу агрегаттарында және басқа да технологиялық машиналарда орнатылған, бұл машиналарды жөндеу үшін қолданылатын крандар;

      жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейін кран-манипуляторлар;

      электр тальдар және жүкті және (немесе) адамдарды көтеруге арналған шығырлар.

      6. Жүк көтергіш крандар мынадай жағдайларда есептен шығарылуы тиіс: есептен шығарылғанда және қайта монтаждағанда, кранды басқа заңды немесе жеке тұлғаға бергенде және кранды тіркелмейтіндер тобына ауыстыру кезінде.

      7. Шағын жүк көтеретін лифтісінен басқа, жаңадан орнатылған лифт немесе қайта қалпына келтірілгеннен (жаңғыртылғаннан) кейін лифт пайдалануға енгізілгенге дейін Басқармада есепке қойылады (тіркеледі).

      Шағын жүк көтергіш лифтісі пайдаланатын мекеменің ішкі есебіне қойылады.

      8. Лифт кабинасы металл құрылымын жаңа кабинаға ауыстыру жүргізілген жаңартудан кейін лифтіге жаңа паспорт жасалады.

      9. Лифт иесінің немесе пайдаланушы ұйым басшысының жазбаша өтініші негізінде және өтінішке қоса берілген Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану қағидаларының 72 тармағында көрсетілген құжаттар тізімі бойынша Басқармаға есепке қою (тіркеу) жүргізіледі.

      10. Жүк көтергіш механизмді есептен алу иесінің немесе пайдаланушы ұйым басшысының жазбаша өтініші бойынша есептен алу себептері туралы паспортқа жазбаны ресімдеумен жүргізіледі.

3. Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды есепке қою және есептен алу

      11. Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды есепке қою және есептен алу Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 358 "Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 20 ақпанда № 10303 болып тіркелген) (бұдан әрі – Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары) айқындалады.

      12. Қазанды есепке қою қазан иесінің немесе пайдаланушы ұйымның жазбаша өтінішінің негізінде жүргізіледі.

      Қазанды есепке қою (тіркеу) кезінде Басқармаға келесі құжаттар ұсынылады:

      1) қазан паспорты (Өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының 25 қосымшасы);

      2) қазанды техникалық куәландыру актісі;

      3) монтаж сапасы туралы куәлік;

      4) қазан орналасқан үйжайдың сызбасы (жоспар және көлденең кескінтілік, қажеттілігіне қарай жаратілік);

      5) жобаның су дайындығына сәйкестігі туралы анықтама;

      6) сору құралдарының бар болуы және сипаттамасы және жобаға сәйкестігі туралы анықтама;

      7) ұйымдағы өндірістік бақылау туралы ереже;

      8) Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген қазанды қолдайтын ақпарат.

      13. Қазанды есепке қою, дайындаушының паспорты болмағанда мамандандырылған сараптама ұйымы мен құрастырылған паспорттың телнұсқасы негізінде жүргізіледі.

      14. Ыдыстар оларды жұмысқа жібергенге дейін Басқарманың есебіне қойылады.

      15. Мыналар есепке алынбайды:

      1) қабырға температурасы 200°С жоғары болмаған кезде жұмыс істейтін, м³ сыйымдылықта (литрлер) МПа-мен (кгс/см²) қысымды шығаруы 0,05 (500) аспайтын бірінші топтағы ыдыстар, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген температурада жұмыс істейтін, м³ сыйымдылықтағы (литрлер) МПа-мен (кгс/ см²) қысымды шығаруы 1-ден (10000) аспайтын 2, 3, 4-ші топтағы ыдыстар. Ыдыстар тобы өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының "Ыдыстар тобы" 3-қосымшасы бойынша анықталады;

      2) жылу оқшаулағыш қаптаманың ішінде орналасқан ауа бөлетін қондырғылардың және газдарды бөлетін аппараттар (регенераторлар, ұстындар, жылу алмастырғыштар, конденсаторлар, адсорберлер, бөлгіштер, буландырғыштар, сүзгілер, салқындатқыштар және қыздырғыштар);

      3) технологиялық қондырғылар құрамындағы тоңазытқыш қондырғылар және тоңазытқыш блок ыдыстары;

      4) ауа электр ажыратқыштарының резервуарлары;

      5) турбиналарды, генераторларды және сорғыларды реттеу, майлау және тығыздау жүйесіне кіретін ыдыстар;

      6) сұйытылған газды тасымалдауға арналған бөшкелер, стационарлы орнатылған, сондай-ақ сығылған, сұйытылған және ерітілген газдарды тасымалдауға және (немесе) сақтауға арналған, қоса алғанда сыйымдылығы жүз литрге дейін баллондар;

      7) гидрометеорологиялық қызмет пайдаланатын сутегін алуға арналған генераторлар (реакторлар);

      8) мұнай мен газды өндіріп алудың жабық жүйесіне енген ыдыстар (ұңғымадан магистральды құбыр өткізгішке дейін);

      9) сұйытылған газдарды, сығымдалған сұйықтарды және сусыма денелерді тасымалдауға арналған ыдыстар оларды мерзімді түрде босату кезінде;

      10) сығымдалған және сұйытылған газы бар, өздері орнатылған көлік құралдарының қозғалтқыштарын отынмен қамтамасыз етуге арналған ыдыстар;

      11) жер астының тау-кен өндірістерінде орнатылған ыдыстар;

      12) газ құбырларында, газ үйлестіру станцияларында, пунктерінде және қондырғыларында орнатылған висценді және басқа сүзгілер.

      16. Ыдысты есепке қою және есептен алу үшін ыдысты пайдаланатын ұйымның басшысы Басқармаға жазбаша түрде өтініш береді. Есепке қою үшін ыдыс иесі келесі құжаттарды ұсынады:

      1) Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының "Қысыммен жұмыс істейтін ыдыс паспортының формасы" 23 қосымшасына сәйкес ыдыс паспорты;

      2) ыдысты монтаждау сапасы туралы куәлік;

      3) қысым көзі, параметрлері, оның жұмыс ортасы, арматурасы, бақылау-өлшеу құралдары, автоматты басқару құралдары, сақтандыру және бұғаттау құрылғылары көрсетілген ыдысты қосу сызбасы;

      4) өткізу қабілеті есептелген сақтандыру клапаны паспорты;

      5) ұйымдағы өндірістік бақылау туралы қағида;

      6) Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында ыдыстарды пайдалануға рұқсат етілетіндігін растайтын ақпарат.

      17. Дайындаушы паспорты жоқ қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды есепке қою мамандандырылған сараптама ұйымымен құрастырылған паспорттың телнұсқасы негізінде жүргізіледі.

      18. Ыдыстардың норма бойынша істелінген қызметін есепке қою кезінде оның әрі қарай қауіпсіз пайдалануға болатындығы туралы сараптама ұйымының қорытындысы ұсынылады.

      19. Ыдысты жаңа орынға қайта орнату кезінде немесе ыдысты басқа иесіне беру кезінде, оны қосу сызбасына өзгерістер енгізу кезінде ыдыс іске қосылғанға дейін Басқармада қайта тіркеледі.

      20. Ыдысты есепке қоюдан бас тарту жағдайында Басқарма Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының 245 тармағына сілтеме жасай отырып, бас тарту себебін көрсетеді.

      21. Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды (құбырларды) есепке қою Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының 1297 тармағымен анықталады.

      22. 0,07 МПа астам қысыммен жұмыс істейтін құбыр өткізгіштерге дайындаушы және монтаждаушы ұйым ұсынатын құжаттама негізінде иеленуші кәсіпорын Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының "Құбыр паспортының формасы" 26-қосымшасына сәйкес паспорт жасайды.

      23. І санат құбыр өткізгіштігі шартты өту 70 мм, ал ІI және ІІІ санаттардағы құбыр өткізгіштер үшін шартты өтуі 100 мм Басқармада жұмысты іске қосқанға дейін тіркеледі. Басқа құбыр өткізгіштер осы Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары таралатын құбыр өткізгіштерді пайдалануға беретін кәсіпорындарда есепке қойылады.

      24. Басқармада құбыр өткізгішті тіркеу, құбыр өткізгіш кәсіпорын-иесінің әкімшілігінің жазбаша өтініші негізінде техникалық куәландырудан кейін жүргізіледі.

      Сонымен бірге келесі құжаттар ұсынылады:

      1) Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының "Құбыр паспортының формасы" 26-қосымшасы бойынша құбыр өткізгіштің паспорты;

      2) құбыр өткізгіштіктің орындау схемасы;

      3) Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының "Құбыр элементтерін дайындау туралы куәлік" 20-қосымшасына сәйкес құбыр элементтерін дайындау туралы куәлік;

      4) Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының "Құбырды монтаждау туралы куәлік" 21-қосымшасына сәйкес құбырды монтаждау туралы куәландыру;

      5) монтаждау ұйымынан иесімен құбырлы қабылдап алу актісі;

      6) ұйымдағы өндірістік бақылау туралы ереже.

4. Қорытынды ережелер

      25. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарының құжаттар топтамасын дайындауды және Басқармада есепке қоюды қауіпті техникалық құрылғылардың иелері, оларды пайдаланатын және қызмет көрсететін ұйымдар жүзеге асырады.

      26. Басқармаға өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде, қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою, есептен алу туралы хабарламаны бере отырып, қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою, есептен алу жүзеге асырылады.

      27. Қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою, есептен алу кезінде Басқарманың қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою журналында және қауіпті техникалық құрылғы паспортында тиісті жазба жүргізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады