Алматы қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 16 мамырдағы № 2/301 "Алматы қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қою және есептен алу тәртібін айқындау туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 26 тамыздағы № 3/439 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 7 қыркүйекте № 24241 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 16 мамырдағы № 2/301 "Алматы қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық обьектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қою және есептен алу тәртібін айқындау туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1558 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді кейіннен Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары С.Д. Құсайыновқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Б. Сагинтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады