Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 38-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 5-тармағына сәйкес, VІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес 2019 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.
2. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының кәсіпкерлік және коммуналдық шаруашылықты дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы К.В. Авершинге жүктелсін.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс LVІ сессиясының төрағасы | А. Шілікбаев |
VІ сайланған Алматы қаласы мәслихат хатшысы | Қ. Қазанбаев |
Алматы қаласы мәслихатының 2019 жылғы 31 қазандағы № 402 шешіміне қосымша |
2019 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдалану үшін төлемақы мөлшерлемелері
Өзендер, көлдер, теңіздер бассейні | Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер (теңге/1000 текше метр) | Өнеркәсіп жылу энергетикасын қоса есептегенде (теңге/1000 текше метр) | Ауыл шаруашылығы (теңге/1000 текше метр) | Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары (теңге/1000 текше метр) | Гидроэнергетика (теңге/1000 киловатт- сағат) | Су көлігі, (теңге/1000 тонна- шақырым) |
Балқаш және Алакөл көлдері бассейні | 102,3 | 282,5 | 81,3 | 77,7 | 30,0 | 8,8 |