Петропавл қаласының көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 63 және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 20 наурыздағы № 31/1 бірлескен қаулысы мен шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 26 наурызда № 5263 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабы 4-1)-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 20 наурыздағы қорытындысы негізінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Петропавл қаласындағы Мир көшесі Нұрсұлтан Назарбаев көшесі болып қайта аталсын.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" (бұдан әрі – Басқарма) және "Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат аппараты" (бұдан әрі – Мәслихат аппараты) коммуналдық мемлекеттік мекемелері мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі қазақ және орыс тіліндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы – Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімін ресми жарияланғаннан кейін Басқарманың және Мәслихат аппаратының интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына және Мәслихат аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан
облысының әкімі
Қ. Ақсақалов
      Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихаты
сессиясының төрағасы,
облыстық мәслихатының
хатшысы
В.Бубенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады