"Солтүстік Қазақстан облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 186 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 106 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 23 сәуірде № 5364 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына, "Құқықтық актілері туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 186 (2016 жылғы 13 шілдеде "Әділет" Қазақстан Репсубликасы нормативтік құқық актілерінің ақпарат-құқықтық жүйесінде жарияланды, Нормативтік құқық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3798 болып тіркелді) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулысының қосымшасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы әкімдік қаулысын мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тіліндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы – Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;

      3) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан
облысының әкімі
Қ. Ақсақалов

  Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 106 қаулысына қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 186 қаулысына қосымша

Солтүстік Қазақстан облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметті тұтыну нормалары

№ р/с

Елді мекеннің атауы

Жылумен жабдықтау ұйымдарының атауы

Өлшем бірлігі

Жылу энергиясын тұтыну нормасы

1

Айыртау ауданы, Саумакөл ауылы

"Айыртау су" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Гигакалорий айына 1 (бір) шаршы метрге

0,03
(нөл бүтін жүзден үш)

2

Аққайын ауданы, Смирново ауылы

"Сапро Нат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Гигакалорий айына 1 (бір) шаршы метрге

0,034
(нөл бүтін мыңнан отыз төрт)

3

Есіл ауданы, Явленка ауылы

"Қамқор Есіл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Гигакалорий айына 1 (бір) шаршы метрге

0,024
(нөл бүтін мыңнан жиырма төрт)

4

Жамбыл ауданы, Благовещенка ауылы, Дачная көшесі, 7А үйі

"Сапро Нат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Гигакалорий айына 1 (бір) шаршы метрге

0,027
(нөл бүтін мыңнан жиырма жеті)

5

Жамбыл ауданы Пресновка ауылы

"Дания 2014" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Гигакалорий айына 1 (бір) шаршы метрге

0,03
(нөл бүтін жүзден үш)

6

Мағжан Жұмабаев ауданы, Булаев мұнай айдайтын станция кенті

"Агро Профи" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Гигакалорий айына 1 (бір) шаршы метрге

0,046
(нөл бүтін мыңнан қырық алты)

7

Қызылжар ауданы, Петерфельд ауылы

"ДК өңдірістік кешені" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Гигакалорий айына 1 (бір) шаршы метрге

0,042
(нөл бүтін мыңнан қырық екі)

8

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Нежинка ауылы

"Нежинка-Ерке" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Гигакалорий айына 1 (бір) шаршы метрге

0,025
(нөл бүтін мыңнан жиырма бес)

9

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишимское ауылы

"Еңбек - 2016 ЖШС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Гигакалорий айына 1 (бір) шаршы метрге

0,0374
(нөл бүтін он мыңнан жетпіс төрт)

10

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишимское ауылы

"Ертай-К" жеке кәсіпкер

Гигакалорий айына 1 (бір) шаршы метрге

0,0374
(нөл бүтін он мыңнан жетпіс төрт)

11

Тайынша ауданы, Тайынша қаласы

"Тайынша ЖылуСервисі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Гигакалорий айына 1 (бір) шаршы метрге

0,043
(нөл бүтін мыңнан қырық үш)

12

Тайынша ауданы, Тайынша қаласы

"ТайыншаКоммунСервисі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Гигакалорий айына 1 (бір) шаршы метрге

0,043
(нөл бүтін мыңнан қырық үш)

13

Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылы

"Қызылту су арнасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Гигакалорий айына 1 (бір) шаршы метрге

0,024
(нөл бүтін мыңнан жиырма төрт)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады