"Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының тарихи-мәдени мұра объектілері құрылысын салуды реттеу аймақтарының, қорғау аймақтарының шекараларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 20 маусымдағы № 3/5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 39/3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 13 желтоқсанда № 5732 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 28 мамырдағы № 43/8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мəслихатының 28.05.2020 № 43/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 36-бабының 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының тарихи-мәдени мұра объектілері құрылысын салуды реттеу аймақтарының, қорғау аймақтарының шекараларын бекіту туралы" 2016 жылғы 20 маусымдағы № 3/5 шешіміне (Қазақстан Республикасының "Әділет" нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 27 шілдеде жарияланды, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3835 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген шешімінің қосымшасында:

      4-бағанда, реттік нөмірі 7-жолдағы "20" санын "22" санымен ауыстырылсын;

      4-бағанда, реттік нөмірі 52-жолдағы "Универсальная көшесі 1, 2, 3, 4, 5, 6" деген сөздер "Универсальная көшесі, 3-үй" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-бағандағы реттік нөмірі 62-жолдағы "Мир" деген сөз "Нұрсұлтан Назарбаев" сөздермен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 79-жол алып тасталсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихаты сессиясының
төрағасы
Ю.Белоног
      Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының хатшысы
В.Бубенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады