"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына сәйкес, Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" Петропавл қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 418 (2019 жылғы 18 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5321 болып тіркелді) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы қаулының "Казақстан Республикасы Әділет Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жариялағанан кейін оны Петропавл қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау осы саланы басқаратын қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Петропавл қаласының әкімі |
Б.Жумабеков |
Петропавл қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 23 желтоқсаны № 1831 қаулысына Қосымша | |
Петропавл қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 29 наурыз № 418 қаулысына Қосымша |