Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 529-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Занының 26-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің "Салық салу объектілерінің Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының елді мекендеріне орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэфициенттерін (К айм) бекіту туралы" 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 399 (2019 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5106 болып тіркелді) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасында:
11, 37, 67 реттік нөмірлер, жолдары алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Айыртау ауданының әкімі | Б. Исманов |
"КЕЛIСIЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Қаржы
Министрлігі мемлекеттік кірістер
комитеті СолтүстікҚазақстан
облысы бойынша мемлекеттік
кірістер департаментінің Айыртау
ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
___________С.Мейрамов
2019 жылғы "____"___________