2019 жылы Есіл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау ұсыну туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2019 жылғы 23 қаңтардағы № 35/204 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 25 қаңтарда № 5205 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 - бабы 8 - тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" қаулысының 2 - тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9946 тіркелген), Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету Қағидаларының 4 - тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудан әкімімен мәлімделген қажеттілікті ескере отыра Есіл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2019 жылы ұсынылсын:

      1) жүз еселік есепке айлық есептік көрсеткішке тең сомадағы көтерме жәрдемақы;

      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мəслихатының 30.07.2019 № 40/238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Осы шешімнің 1 тармағының күші сонымен қатар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринариялық пунктерінің ветеринария мамандарына қолданылады.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы мәслихаты
сессиясының төрағасы
П. Гольцер
      Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы мәслихатының
хатшысы
А. Бектасова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады