"Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 19 наурыздағы № 63 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 298 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 6 қаңтарда № 5783 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 4 ақпандағы № 55 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 04.02.2021 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 - бабы 7) - тармақшасына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығымен бекітілген, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 19 наурыздағы № 63 қаулысына (2019 жылғы 28 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді Эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5258 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Есіл ауданының әкімі А. Абдуллаев

  Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 298 қаулысына қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 19 наурыздағы № 63 қаулысына қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйым атауы

Жұмыс орындарының саны

Квота пайызы

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (адам)

Шмалько Евгений Сергеевич жеке кәсіпкер

2

50 %

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады