Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының аумағындағы барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 91 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 8 мамырда № 5399 болып тіркелді

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 18.11.2022 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысмен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28-бабы 6-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      Ескерту. Преамбула жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 18.11.2022 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының аумағындағы барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарды орналастыру үшін орын осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 18.11.2022 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Алып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 18.11.2022 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Мамлют аудандық

      сайлау комиссиясының төрағасы

      ______________Д. Могунова

      2019 жылғы "___"__________

  Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "__" __________ № __ қаулысына 1-қосымша

Барлық кандидаттар үшiн үгіттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындар

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 18.11.2022 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

№ т/т

Елді мекендердің атауы

Үгіттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орын

1

Мамлютка қаласы

1) Сәбит Мұқанов көшесі, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Мамлют ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "№ 1 Мамлют мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы; 2) Рабочая көшесі, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Мамлют ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "№ 2 Мамлют орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы; 3) Ғ. Мүсірепов көшесі, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Мамлют ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Хасан Бектұрғанов атындағы мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы; 4) Гуденко көшесі, "Сказка" дүкенінің ғимаратына қарама-қарсы.

2

Андреевка ауылы

50 лет Казахстана көшесі, "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Андреев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мәдениет Үйі ғимаратына қарама-қарсы.

3

Белое ауылы

Мектеп көшесі, "Бакина" жеке кәсіпкер дүкенінің ғимаратына қарама-қарсы.

4

Бике ауылы

Мектеп көшесі, "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Бике ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мәдениет Үйі ғимаратына қарама-қарсы.

5

Воскресеновка ауылы

Жеңіс көшесі, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Мамлют ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Воскресеновка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы.

6

Дубровное ауылы

Гуденко көшесі, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Мамлют ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "С.Г. Гуденко атындағы Дубровное орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы.

7

Краснознаменное ауылы

Конституция көшесі, "Анжелика" дүкенінің ғимаратына қарама-қарсы.

8

Қызыләскер ауылы

Мир көшесі, "Кзыласкерское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кеңсесінің ғимаратына қарама-қарсы.

9

Леденево ауылы

Жастар көшесі, "Қазпошта" Акционерлік қоғамы бөлімшесінің ғимаратына қарама-қарсы.

10

Новомихайловка ауылы

Победа көшесі, "Сагандыков Мурат Нурмулдинович" жеке кәсіпкер дүкенінің ғимаратына қарама-қарсы.

11

Покровка ауылы

Мир көшесі, "Нұр" дүкенінің ғимаратына қарама-қарсы.

12

Афонькино ауылы

Орталық көшесі, "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Становое ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы.

  Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "__" __________ № __ қаулысына 2-қосымша

Сайлаушылармен (таңдаушылармен) кездесуі үшін үй-жайлар

      Алып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 18.11.2022 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқаенгізіледі) қаулысымен.

  Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "__" __________ № __ қаулысына 3-қосымша

Күші жойылған Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының тізімі

      1) Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық әкімдігінің қаулысы "Мамлют ауданы бойынша үгіттік басылым материалдарын орналастыру орындарын белгілеу және Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткерлерге сайлаушылармен кездесу үшін орындарды ұсыну туралы" 2015 жылғы 27 ақпандағы № 61 (2015 жылғы 27 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3142 болып тіркелген).

      2) Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық әкімдігінің қаулысы "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының аумағында үгіттік басылым материалдарын орналастыру орындарын белгілеу және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің, облыстық және аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жайларды ұсыну туралы" 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 26 (2016 жылғы 15 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3602 болып тіркелген).

      3) Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық әкімдігінің қаулысы "Үгіттік басылым материалдарын орналастыру орындарын белгілеу және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарға таңдаушылармен кездесуі үшін үй-жайды беру туралы" 2017 жылғы 29 мамырдағы № 131 (2017 жылғы 08 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4216 болып тіркелген).

      4) Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық әкімдігінің қаулысы "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының аумағында ауылдық округтер мен Мамлютка қаласы әкімдеріне барлық кандидаттар үшін үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгiлеу және таңдаушылармен кездесуі үшiн үй-жай беру туралы" 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 340 (2018 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5092 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады