Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының аумағында ауылдық округтер мен Мамлютка қаласы әкімдеріне барлық кандидаттар үшін үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгiлеу және таңдаушылармен кездесуі үшiн үй-жай беру туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 340 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 21 желтоқсанда № 5092 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 91 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 08.05.2019 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28-бабы 4, 6-тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының аумағында ауылдық округтер мен Мамлютка қаласы әкімдеріне барлық кандидаттар үшін үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орын белгiленсiн.

      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының аумағында ауылдық округтер мен Мамлютка қаласы әкімдеріне кандидаттарға таңдаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай берілсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы әкiмiнiң
міндетін атқарушы
Р. Ғаббасов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Мамлют аудандық аумақтық

      сайлау комиссиясының төрағасы

      ___________________В. Целуйко

      2018 жылғы "__" ____________

  Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "__" _____ № __ қаулысына 1-қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының аумағында ауылдық округтер мен Мамлютка қаласы әкімдеріне барлық кандидаттар үшін үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орын

№ р/с

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын

1

Мамлютка қаласы

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Мамлютка қаласы Сәбит Мұқанов көшесі 11 мекенжайы бойынша орналасқан "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Мамлют № 1 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының аумағы

  Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "__" _____ № __ қаулысына 2-қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының аумағында ауылдық округтер мен Мамлютка қаласы әкімдеріне кандидаттарға таңдаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай

№ р/с

Елді мекеннің атауы

Кездесуі үшін үй-жай

1

Мамлютка қаласы

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Мамлютка қаласы Сәбит Мұқанов көшесі 11 мекенжайы бойынша орналасқан "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Мамлют № 1 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады