Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Келлер ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2019 жылғы 4 желтоқсандағы № 303 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 9 желтоқсанда № 5712 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2022 жылғы 17 наурыздағы № 148 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 17.03.2022 № 148 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Келлер ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қоса берілген қағидалары бекітілсін.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Келлер ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Келлер ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2014 жылғы 21 мамырдағы № 181 шешімінің (2014 жылғы 30 шілдеде "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2837 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
С. Бекшенов
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Қ. Шәріпов

  Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2019 жылғы 04 желтоқсандағы № 303 шешімімен бекітілген

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Келлер ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Келлер ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Келлер ауылдық округі тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Келлер ауылдық округінің аумағында тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Келлер ауылдық округінің әкімі шақырады.

      Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Келлеровка, Богатыровка және Кременчуг ауылдарының шегінде бөлек жиынды өткізуді Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Келлер ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Келлер ауылдық округі ауылдарының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Келлер ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Келлер ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Келлер ауылдық округі ауылдары өкілдерінің кандидатураларын Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Келлер ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

  Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2019 жылғы 04 желтоқсандағы № 303 шешіміне қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Келлер ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Келлер ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

Келлеровка ауылы

Ленин көшесі

18

Гагарин көшесі

21

Первомай көшесі

23

Новосельская көшесі

27

Молодежная көшесі

20

Юбилейная көшесі

1

Крайняя көшесі

18

Колхозная көшесі

22

Коммунистическая көшесі

14

Заводская көшесі

13

Калинин көшесі

14

Целинная көшесі

18

Механизаторская көшесі

20

Карл Маркс көшесі

17

Пролетар көшесі

17

Больничная көшесі

18

Мир көшесі

6

Чапаев көшесі

20

Октябрь көшесі

26

Степная көшесі

21

Интернациональная көшесі

21

Строительная көшесі

19

Энтузиасттар көшесі

22

Школьная көшесі

3

Совет көшесі

19

Красноармейск көшесі

13

Богатыровка ауылы

Красноармейская көшесі

12

Зеленая көшесі

5

Школьная көшесі

10

Кременчуг ауылы

Центральная көшесі

15

Новая көшесі

6

Мир көшесі

5

Молодежная көшесі

4

Горький көшесі

3

Гагарин көшесі

14


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады