Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 желтоқсандағы № 301 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 9 желтоқсанда № 5713 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2022 жылғы 17 наурыздағы № 148 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қоса берілген қағидалары бекітілсін.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2014 жылғы 21 мамырдағы № 175 шешімінің (2014 жылғы 23 шілдеде "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2827 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
С. Бекшенов
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Қ. Шәріпов

  Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2019 жылғы 04 желтоқсандағы № 301 шешімімен бекітілген

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және Алабота ауылдық округі тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округінің аумағында ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округінің әкімі шақырады.

      Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Аққұдық, Целинное және Золоторунное ауылдарының шегінде бөлек жиынды өткізуді Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округі ауылдарының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округі ауылдары кандидатураларын Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

  Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2019 жылғы 04 желтоқсандағы № 301 шешіміне қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округі Аққұдық ауылының тұрғындары үшін

5

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округі Целинное ауылының тұрғындары үшін

1

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округі Золоторунное ауылының тұрғындары үшін

1

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округі Талдыкөл ауылының тұрғындары үшін

0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады