Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 27 наурыздағы № 57 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 29 наурызда № 5276 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 51 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 18.03.2021 № 51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13898 болып тіркелген) бекітілген, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Солтүстік Қазақстан облысы филиалына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберілсін;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Уәлиханов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Оспанов

  Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 27 наурыз № 57 қаулысына қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Уəлиханов ауданы əкімдігінің 18.12.2019 № 283 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Ұйымның атауы

Жұмыс орындарының саны

Квота пайызы

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (адам)

"Қзылту ұн үктіру комбинаты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

167

1%

2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады