Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Бидайық ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 4 шілдедегі № 5 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 11 шілдеде № 5467 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Бидайық ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 25 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Бидайық ауылдық округі әкімінің 08.09.2020 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Уәлиханов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2019 жылғы 14 маусымдағы № 17-07/104 ұсынысы негізінде, Бидайық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Бидайық ауылдық округі Жамбыл ауылында ірі қара малдың бруцеллезі бойынша шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бидайық ауылдық
округінің әкімі
Т. Күйшібаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады