Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, Уәлиханов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2020 жылғы 10 тамыздағы №17-07/194 ұсынысы негізінде, Бидайық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Бидайық ауылдық округінің Жамбыл ауылы аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруын жою бойынша ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Бидайық ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 04 шілдедегі №5 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (2019 жылғы 15 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5467 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бидайық ауылдық округінің әкімі | Т. Куйшбаева |