"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Сергеевка қаласы халқының пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 9 қаңтардағы қорытындысы негізінде Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Сергеевка қаласының мынадай құрамдас бөліктері:
1) Мир көшесі Бейбітшілік көшесі;
2) Пригородная көшесі Ғалым Қадыралин атындағы көше;
3) Чапаев көшесі Алексей Брагин атындағы көше;
4) С.Разин көшесі Павел Свечников атындағы көше;
5) Интернациональная көшесі Герольд Бельгер атындағы көше;
6) Полярный тұйық көшесі Қалымжан Хабдулин атындағы тұйық көше деп қайта аталсын.
2. Осы бірлескен қаулы және шешім олардың бірінші ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.