Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мəслихатының 17.06.2020 № 49/7 (бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының маслихаты ШЕШМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы маслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы бойынша жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" 2016 жылғы 26 сәуірдегі № 3/5 шешіміне (2016 жылғы 19 мамырда "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 3745 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы бойынша жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеуінде:
4-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"1) Сергеевка қаласы, Бейбітшілік көшесінен Шал ақын көшесі бойынша Шал ақын алаңына дейін;".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының ХL сессиясының төрағасы |
Н. Ярош |
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының хатшысы |
Ө. Әмрин |