Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Жаңажол ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 13 наурыздағы № 2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 13 наурызда № 5247 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Жаңажол ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 6 желтоқсандағы № 7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Жаңажол ауылдық округі əкімінің 06.12.2019 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Шал ақын ауданы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 05 ақпанындағы №18-29/44 ұсынысы негізінде, Жаңажол ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Жаңажол ауылдық округінің Жаңажол ауылының Қазақстан Республикасы атындағы көшесі, "Молшылық" шаруа қожалығының аумағында, ірі қара малда бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі М.Сүлейменов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады