Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Жаңажол ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 6 желтоқсандағы № 7 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 13 желтоқсанда № 5730 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, Шал ақын ауданы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетті атқарушысының 2019 жылғы 13 қарашасындағы № 18-29/414 ұсынысы негізінде, Жаңажол ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Жаңажол ауылдық округінің Жаңажол ауылында орналасқан Қазақстан Республикасы атындағы көшесінен және "Молшылық" шаруа қожалығының аумағынан, ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының аяқталуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Жаңажол ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2019 жылғы 13 наурыздағы №2 шешімінің (2019 жылғы 28 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде №5247 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі М. Сулейменов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады