Атырау облысы Қызылқоға ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 21 маусымдағы № 127 бірлескен қаулысы және Атырау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 21 маусымдағы № 333-VI шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 27 маусымда № 4426 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 3) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6, 27, 37-баптарына сәйкес, Атырау облысы Қызылқоға және Индер аудандарының өкілді және атқарушы органдарының пікірлерін ескере отырып, Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және VІ шақырылған Атырау облыстық мәслихаты кезекті ХХХII сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Бұхар ауылының бағыныстылығы Атырау облысы Индер ауданы Жарсуат ауылдық округінен Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қызылқоға ауылдық округіне өзгертілсін.

      2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Н. Таубаевқа және Атырау облыстық мәслихатының заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы А. Абдоловқа жүктелсін.

      3. Осы бірлескен қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Ноғаев
      Сессия төрағасы Е. Сапаров
      Мәслихат хатшысы Ө. Зинуллин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады