2019 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Атырау облысы Атырау қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 624 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 15 сәуірде № 4380 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) - тармақшасына сәйкес, Атырау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Атырау қаласында 2019 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ұ. Тналиевке жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі А. Құттұмұрат-ұлы

  Атырау қаласы әкімдігінің 2019 жылғы "11" сәуірдегі № 624 қаулысына қосымша Атырау қаласы әкімдігінің 2019 жылғы "11" сәуірдегі № 624 қаулысымен бекітілген

2019 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Елді мекен атауы

Бір айда бір тәрбиеленушіні жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері, (теңге)

Ата-ананың бір тәрбиеленушіге күніне ақы төлеу мөлшері, (теңге)

ауылдық жердегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдары үшін

қалалық жердегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдары үшін

3 жасқа дейін

3-тен 7 жасқа дейін

1

Атырау қаласы

30 708,83

28 060,86

400

500


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады