Қайыршақты ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 166 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Атырау облысы Атырау қаласы Қайыршақты ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 17 шілдедегі № 271 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 18 шілдеде № 4459 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің "Атырау қалалық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің 2019 жылғы 25 маусымдағы № 07-5/298 хатына сәйкес Қайыршақты ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қайыршақты ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 166 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4403 болып тіркелген, 2019 жылғы 28 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қайыршақты ауылдық округі
әкімінің міндетін атқарушы
А. Джайбусинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады