"Жылыой ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы" Жылыой ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 мамырдағы № 208 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 16 мамырда № 4398 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес Жылыой ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жылыой ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы" Жылыой ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 2 қаулысына (бұдан әрі – қаулы) (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4331 болып тіркелген, 2019 жылғы 23 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      қосымшадағы:

      орыс тілдегі мәтініндегі 2 және 4 тармақтары келесі редакцияда мазмұндалсын, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді:

      "2. Настоящий порядок регулирует вопросы организации поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Жылыойском районе";

      "4. Представление о поощрении граждан, принимающих активное участие в обеспечении общественного порядка, вносится на рассмотрение комиссии государственным учреждением "Отдел полиции Жылыойского района Департамента полиции Атырауской области Министерства внутренних дел Республики Казахстан".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Ж.С. Рашевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Бекет

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады