Жылыой ауданы мәслихатының 2015 жылғы 28 қазандағы № 33-2 "Жылыой ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 2019 жылғы 16 мамырдағы № 35-1 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 20 мамырда № 4400 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 2024 жылғы 21 маусымдағы № 19-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 21.06.2024 № 19-4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 4 мамырдағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" қаулысына сәйкес Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жылыой ауданы мәслихатының 2015 жылғы 28 қазандағы № 33-2 "Жылыой ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3352 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Жылыой ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасының:

      1-тармағы келесі мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған заңды тұлға.";

      4-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "4. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Стандарттың 3 тармағына сәйкес, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалының халыққа кызмет көрсету бойынша Жылыой ауданының бөлімі және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүгінеді.";

      келесі мазмұндағы 7-1 тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалының халыққа кызмет көрсету бойынша Жылыой ауданының бөліміне немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.".

      2. Шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, экономика және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ү. Жақашев) жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жылыой аудандық мәслихатының
кезектен тыс XXXV сессиясының
төрағасы
М. Кабиденов
      Жылыой аудандық
мәслихатының хатшысы
М. Кенғанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады