Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Исатай ауданы Забурын ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 29 мамырдағы № 10 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 30 мамырда № 4412 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай ауданы Зинеден ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 16 маусымдағы № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай ауданы Зинеден ауылдық округі әкімінің 16.06.2020 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Исатай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 25 сәуірдегі № 10-10-55 ұсынысы негізінде Забурын ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Арғымақ Айғана" шаруа қожалығының аумағында мүйізді ірі қара малының арасынан бруцеллез ауруы пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Исатай аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Атырау облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Исатай аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.

      3. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі А. Ғұбаш

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады