"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылқоға аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 11-10/281 ұсынысына сәйкес ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Миялы ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 30 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімнің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4116 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылдың 20 сәуірінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі | Е. Иғали |