Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Құрманғазы ауданы мәслихатының 2019 жылғы 4 шілдедегі № 426-VI шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 18 шілдеде № 4461 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 2-бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Құрманғазы аудандық Маслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін (Ғ. Карина).

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезектен тыс
ХХХХV сессиясының төрағасы
Х. Қабылов
      Аудандық мәслихат хатшысы Б. Жүгінісов

  Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 4 шілдедегі № 426-VІ шешіміне қосымша

Аудандық мәслихаттың күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1) Аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 244-VІ "2018-2020 жылдарға арналған ауданның бюджетін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4030 санымен тіркелген, 2018 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;

      2) Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 20 наурыздағы № 277-VІ "Аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 244-VІ "2018-2020 жылдарға арналған ауданның бюджетін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4118 болып тіркелген, 2018 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;

      3) Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 3 қазандағы № 332-VІ "Аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 244-VІ "2018-2020 жылдарға арналған ауданның бюджетін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4256 болып тіркелген, 2018 жылғы 16 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;

      4) Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 30 қарашадағы № 358-VІ "Аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 244-VІ "2018-2020 жылдарға арналған ауданның бюджетін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4285 болып тіркелген, 2018 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;

      5) Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 366-VІ "Аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 244-VІ "2018-2020 жылдарға арналған ауданның бюджетін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4303 болып тіркелген, 2018 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;

      6) Аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 255-VІ "2018-2020 жылдарға арналған Құрманғазы ауданының ауылдық округтерінің бюджеттерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4039 болып тіркелген, 2018 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;

      7) Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 29 наурыздағы № 291-VІ "Аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 255-VІ "2018-2020 жылдарға арналған Құрманғазы ауданының ауылдық округтерінің бюджеттерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4134 болып тіркелген, 2018 жылғы 28 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;

      8) Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 8 қазандағы № 340-VІ "Аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 255-VІ "2018-2020 жылдарға арналған Құрманғазы ауданының ауылдық округтерінің бюджеттерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4262 болып тіркелген, 2018 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;

      9) Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 361-VІ "Аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 255-VІ "2018-2020 жылдарға арналған Құрманғазы ауданының ауылдық округтерінің бюджеттерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4291 болып тіркелген, 2018 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады